Accessibility links

АҚШ Сирия президентін биліктен кетуге шақырды


Наразылық танытушылар президент Башар әл-Асадтың суретін өртеді. Дамаск, 19 қыркүйек 2011 жыл.
Наразылық танытушылар президент Башар әл-Асадтың суретін өртеді. Дамаск, 19 қыркүйек 2011 жыл.
АҚШ Сирия оппозициясының белсендісі өлтірілген соң президент Башар әл- Асадты биліктен кетуге шақырды.

Ақ үйдің айтуынша, президент Башар әл-Асад елдегі жағдайды одан сайын нашарлатпастан биліктен кетуі тиіс. Вашингтон бұрынғы саяси тұтқын Машаал Таммоның өлтірілуін және тағы бір оппозициялық тұлғаға жасалған шабуылды айыптады.

Осыдан үш күн бұрын Ресей мен Қытай қарапайым азаматтарды қудалап жатқан Сирияға санкция енгізу мүмкіндігін қарастыратын БҰҰ қарарына вето қойған болатын.
XS
SM
MD
LG