Accessibility links

Тимошенко "саяси тұтқын" деп аталды


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Киевтегі сот барысында. 11 қазан 2011 жыл.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко Киевтегі сот барысында. 11 қазан 2011 жыл.
Адам құқын қорғаушы Amnesty International ұйымы Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы тезарада босатуға шақырды.

Сейсенбі күні Киев соты Тимошенконы 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Оған "2009 жылы Ресеймен арадағы газ келісіміне қол қойған кезде қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылды.

Amnesty International ұйымының Киевтегі өкілі Хэзер МакГилл Тимошенко азат етілуі тиіс, себебі оның соты саяси себептермен өткізілді деп мәлімдеді.

АҚШ пен Еуропа Одағы Тимошенкоға шығарылған сот үкімін сынаған болатын.

Соңғы сәтте келіп түскен хабарға қарағанда, Украинаның қауіпсіздік қызметі Тимошенкоға қарсы жаңа қылмыстық іс қозғаған.
XS
SM
MD
LG