Accessibility links

Австралияда қаза болған Сағынай Батырханова бүгін отанында жерленді


Алматы-Өскемен күрежолы. (Көрнекі сурет)
Алматы-Өскемен күрежолы. (Көрнекі сурет)
Австралияда қаза болған Қазақстан азаматы Сағынай Батырханова бүгін Шығыс Қазақстан облысында жерленді. Бұл туралы қазанның 17-і күні Қазақстан сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Алтай Абибуллаев хабарлады.

Австралиядағы Гриффит университетінің 1-курсында оқитын 22 жастағы Сағынай Батырханованың жансыз денесі қазанның 1-і күні сол елдегі Брисбен қаласында табылғанын Азаттық хабарлаған. Оны өлтірген деген күдікпен ұсталған ер адам - Таиланд азаматы. Күдікті мен Сағынай Батырханованың арасындағы үш айлық ұл баланы қазір Австралияның әлеуметтік қызметі қамқорлығына алған.

"Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сағынай Батырханованың өлімін тергеу ісін өз бақылауында ұстайтын болады" деді Алтай Абибуллаев.
XS
SM
MD
LG