Accessibility links

Өзбекстан Қырғызстанмен арадағы шекара бекетін қайта ашады


Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы "Достук" шекара бекеті.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы "Достук" шекара бекеті.

Өзбекстан Қырғызстанмен шекаралас Ош аймағындағы «Достук-Автодорожный» өткізу бекетін бүгін қайта ашады. Бұл туралы кеше Әндіжанда екі елдің шекара қызметтері басшыларының кездесуінде айтылды.

- Өзбекстан тарабы ертең, қазанның 26-сы күні қырғыз-өзбек шекарасындағы «Достук-Автодорожный» өткізу бекетін ашатын болды. Қырғызстан, Өзбекстан мен үшінші мемлекеттің азаматтары ол арқылы ары-бері қатынай алады, - деді сейсенбі күні Азаттық радиосына Қырғызстан шекара әскерінің қолбасшысы Закир Тиленов.

Оның айтуынша, «Достук-Автодорожный» шекаралық өткізу бекеті таңертеңгі сағат сегізден кешкі сағат сегізге дейін істейді.

Өзбекстан Қырғызстанмен шекарасындағы өткізу бекеттерінің барлығын осыдан бір жарым жыл бұрын, 2010 жылы сәуірдің 7-сіндегі оқиғалардан кейін жапқан еді. Сол жылы маусым айында Қырғызстанның оңтүстігінде ұлтаралық қақтығыстар кезінде Өзбекстан үкіметі екі күн бойы Қырғызстан жағынан бас сауғалаған босқындарды өз аумағына өткізгенімен, «Достук-Автодорожный» шекара бекеті содан бері жабық тұрды.
XS
SM
MD
LG