Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан кемінде 10 адам жараланған


Пешаварда кезекті жарылыс болған жер. Пәкістан, 19 қыркүйек 2011 ж.

Пешаварда кезекті жарылыс болған жер. Пәкістан, 19 қыркүйек 2011 ж.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында болған жарылыс салдарынан кемінде 10 адам зардап шеккен, олардың үшеуі ауыр халде жатқаны хабарланып отыр.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, Пешавар қаласындағы негізі азық-түлік базарында жасалған жарылыстан бірнеше дүкен қирап, бүлінген.

Ауғанстанмен шекаралас аймақта орналасқан Пешавар қаласында тәліптер мен өзге де экстремистік топтар жиі шабуылдар жасайды.
XS
SM
MD
LG