Accessibility links

Шешенстанда қарулы топқа қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды


Солтүстік Кавказ аймағының картасы.

Солтүстік Кавказ аймағының картасы.

Шешенстанда заңсыз қарулы құрылымға қатысы бар адамдар ұсталды" деп хабарлайды Интерфакс агенттігі. Ресей Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің Урус-Мартан ауданының Гехи елді мекенінде жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында заңсыз қарулы топқа қатысы бар Қазақстан азаматы ұсталды. Ұсталған азамат 2000 жылдың тамызынан 2001 жылдың қаңтарына дейін Шәміл Амаевтың қарулы құрылымында болғаны айтылады агенттік таратқан хабарда.

Ұсталған азаматтың Ресейде жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG