Accessibility links

Солтүстік Кавказда екі полицейді өлтіріп кетті


Солтүстік Кавказдың картасы
Солтүстік Кавказдың картасы
Ресейдің Солтүстік Кавказдағы Қабарда-Балқар республикасында қарулы адамдар екі полицейді атып кетті.

Республика ішкі істер министрлігінің хабарлауы бойынша, кеше республика астанасы Нальчикте қарулы үш адам екі полицейге шабуыл жасап, өлтіріп кеткен.

Аймақта жарылыстар мен полицейлерді атып кетуге негізінен Шешенстанмен байланысты исламшыл және қылмыстық топтар айыпталып жатады. Олар Солтүстік Кавказда тәуелсіз ислам мемлекетін құруды көздейді.
XS
SM
MD
LG