Accessibility links

Бакуде белгілі жазушыға шабуыл жасалды


Бакуде пышақталған жазушы Рафиг Таги
Бакуде пышақталған жазушы Рафиг Таги
Азаттық радиосындағы әзірбайжан қызметі хабарлағандай, Бакуде белгілі жазушы әрі журналисті пышақтап кеткен. Елдегі исламды сынап жүрген Таги үйіне бара жатқан жолда шабуылға тап болып, қазір ауруханада жатыр.

Оның туыстары шабуылдаушы оның артқы жағынан бес рет пышақ салғанын айтты. Дәрігерлер Тагидің жарақаты өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ деді.

2007 жылы Баку аудандық соты өз мақаласында исламға тіл тигізді деген айыппен Тагиді 3 жылға түрмеге жапқан болатын.
XS
SM
MD
LG