Accessibility links

Мароккода мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтіп жатыр


Мороккода бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр. Солтүстік Африка мемлекетіндегі сайлау араб елдеріндегі төңкерістерге орай мерзімінен ерте өткізіліп отыр.

Сайлауда исламшыл оппозициялық партия мен король әулетіне жақын либералдардың жаңа күштері арасында тартыс болады деген болжам бар.

Король IV Мохаммед ұсынған жаңа конституция шілде айында референдумда мақұлданған болатын. Оған сай парламент пен премьер-министрдің құзыреті күшейді.

Премьер-министрді парламенттен көп орынды жеңіп алған партиядан корольдің өзі тағайындайды. Бірақ қорғаныс, қауіпсіздік және дін мәселелерін король шешеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG