Accessibility links

Ху Цзинтао: Қытай импорт көлемін ұлғайтады


Қытай президенті және Коммунистік партия жетекшісі Ху Цзинтао телевизордан сөйлеп тұр. Бейжің,1 шілде, 2011 жыл.

Қытай президенті және Коммунистік партия жетекшісі Ху Цзинтао телевизордан сөйлеп тұр. Бейжің,1 шілде, 2011 жыл.


Ху Цзинтао Қытай жақын жылдары тауарлардың импортын ұлғайтады деп мәлімдеді бүгін осы елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылғанының 10 жылдығына орай ұлттық телеарнадан сөйлеген сөзінде.

Ғаламдық тапшылықты сауда балансы арқылы ауыздықтауға болады деген Ху Цзинтао Қытайдың дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы әлемге де, Қытайдың өзіне де пайдалы болды деп атап көрсетті.

Оның айтуынша, түпкі мақсат алдағы бес жылда барлық импорттың көлемін 8 триллион доллардан асыруға бағытталады.
XS
SM
MD
LG