Accessibility links

Украинада "терроризмге қатысы бар Қазақстан азаматы" ұсталды


Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Астана, 16 қазан 2011 жыл.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Астана, 16 қазан 2011 жыл.
Украинада терроризмге қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген 22 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Киевтегі елшілігінің мәліметі бойынша, Украина құқық қорғаушылары тұтқындаған 1989 жылы 24 наурызда туған Мұхитов Ардагер Бауыржанұлы Қазақстан азаматы, Атырау облысында туып-өскен. Оны енді екі ел арасындағы экстрадициялау туралы келісімге сәйкес Қазақстанға экстрадициялауы мүмкін.

«Украина жағы тергеу мен жауап алудың қорытындыларын Қазақстанның бас прокуратурасына ережеге сай мәлімдеп отырады» дейді баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG