Accessibility links

Рим папасы Рождество мейрамымен құттықтады


Рим папасы Бенедикт 16-шы Ватиканда сөйлеп тұр.

Рим папасы Бенедикт 16-шы Ватиканда сөйлеп тұр.

Бүгін түрлі конфессиядағы христиандар Григориан күнтізбесі бойынша Рождество мейрамын тойлап жатыр.

Рим папасы Бенедикт 16-шы Ватикандағы қасиетті Петр шіркеуінде Рождество уағызын бастап, жиналғандарды Иисус Христостың өмірге келуінің шынайы мағынасын, оның құпиясы мен қуанышын терең ұғынуға шақырды. Понтифик мейрамның тойлануы қазіргі әлемде коммерцияға айналып бара жатқанына сын айтты. Бүгін кешірек Рим папасы әлемге дәстүрлі жолдауын арнайды.

Ал Иордан өзенінің батыс жағалауындағы аңыз бойынша Христос туған Вифлеемге Рождество мейрамын атап өтуге ондаған мың адам жиналды.
XS
SM
MD
LG