Accessibility links

Әзірбайжан 92 адамға рақымшылық жасады


Әзірбайжандық жас белсенді Жаббар Саваланли.
Әзірбайжандық жас белсенді Жаббар Саваланли.
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев 92 адамға рақымшылық жасау туралы жарлық шығарды. 92 адамның ішінде оппозициялық "Әзірбайжан халықтық майдан партиясының" мүшесі, 20 жастағы белсенді Жаббар Саваланли де бар.

Саваланли ақпан айында Facebook-те үкіметке қарсы шеруге шығуға үндеу жариялап, ертесінде тұтқындалған болатын. Ал мамыр айында Әзірбайжан соты оны "заңсыз есірткі сақтады" деген айыппен екі жарым жылға соттады.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Саваланлидің тұтқындалуы мен сотталуын оның интернеттегі саяси белсенділігімен байланыстырады.

Amnesty International халықаралық ұйымы таяуда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің атына Жаббар Саваланлиді түрмеден дереу босатуды талап еткен онлайн петиция жіберген болатын.

Бірақ президенттің рақымшылығына сәуірдің 2-сіндегі үкіметке қарсы шерулерге қатысқаны үшін үш жылдан астам мерзімге сотталған 14 оппозиция белсенділері ілінбеген.
XS
SM
MD
LG