Accessibility links

Түркия әуе соққысы құрбандарына өтемақы төлейді


Түркия вице-премьері Булент Аринж

Түркия вице-премьері Булент Аринж

Түркия премьер-министрінің орынбасары хабарлағандай, ел үкіметі күрд бүлікшілеріне қарсы әуе шабуылында қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлейтін болды.

Вице-премьер Булент Аринж өтемақы жақын күндері төленетінін айтқанымен, нақты қашан екеніне тоқталмады.

Өткен аптада Түркияның F-16 ұшақтары Ирақтың солтүстігіндегі күрд бүлікшілерін нысанаға алып, әуе шабуылын жасағанда 35 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бұл Түркияның күрд көтерілісшілерімен қақтығысындағы бейбіт адам шығынын бірден көбейтіп жіберді.

Аймақта бұл әуе соққысына қарсы наразылық шаралары бірнеше күнге жалғасты.
XS
SM
MD
LG