Accessibility links

"Азаттың" бірнеше мүшесі "Ақ жолға" ауысты


"Азат" ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай.

"Азат" ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай.

"Азат" ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалының бірнеше мүшесі партия қатарынан шығатындарын мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Алматыда баспасөз жиынын өткізген партия мүшелерінің бірі Нұрлан Айшымбаев өздерінің партия басшылығы жүргізіп отырған саясаттан көңілі қалғандарын айтып, "Ақ жол" партиясының қатарына кіргендерін жеткізді.

Баспасөз жиынын ұйымдастырушылар сондай-ақ партияның қызметіне және сайлауға дайындық жұмыстарына көңілдері толмайтындығын, өздерінің талап-тілектері ескерілмейтінін айтып, "Ақ жол" партиясын таңдағандарын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG