Accessibility links

Жаңаөзенде сайлау қарсаңында тәртіп күшейтілді


Жаңаөзендегі өртеліп, бүлінген ғимарат, 18 желтоқсан 2011 ж. Ресейлік "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко түсірген фото.

Жаңаөзендегі өртеліп, бүлінген ғимарат, 18 желтоқсан 2011 ж. Ресейлік "Новая газета" басылымының тілшісі Елена Костюченко түсірген фото.

Сайлау қарсаңында Жаңаөзен қаласындағы тәртіп күшейтілді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сайлаудан бір күн бұрын Жаңаөзенге барған Азаттық тілшісі қаладағы қаңтардың 14-і күнгі жағдайды былай сипаттайды:

«Қалаға кіре берістегі блокпостарда жіті тексеріп, қалаға қарай өткен адамдардың тізімі бір қағазға жазылып жатыр. Тексеру кезегінде бір жарым сағаттай тұрдық. Қала іші тыныш, бірақ күштік құрылымдар жасақтары қаптап кеткен».

Тілшіміздің хабарлауынша, сайлау учаскелері орналасқан мектептердің екінші ауысымда оқитын оқушылары кеше екі сағат сабақ оқыған соң үйлеріне қайтарылған.

Жаңаөзен қаласында парламент сайлауы желтоқсанның 17-сінде енгізілген төтенше жағдай тәртібі аясында өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG