Accessibility links

Назарбаева мәжіліс комитетін басқарады


Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева.
Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, "Нұр Отан" партиясының атынан мәжіліс депутаты болған Дариға Назарбаева мәжілістің әлеуметтік және мәдени даму комитетінің төрайымы болып сайланды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Мәжіліс депутаттары бұдан өзге бірнеше комитеттің төрағаларын сайлады. Ромин Мадинов - мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің, Гүлжан Қарақұсова - қаржы және бюджет комитетінің, Мәулен Әшімбаев - халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің, Александр Милютин - экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің, Рахмет Мұқашев - сот және құқықтық реформа жөніндегі комитеттің, Сейітсұлтан Айымбетов - экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитеттің төрағасы болып сайланды.
XS
SM
MD
LG