Accessibility links

АҚШ Сириядағы елшілігін жабуы мүмкін


Сириядағы наразылық шерулері.

Сириядағы наразылық шерулері.

Жақын арада АҚШ өзінің Дамаскідегі елшілігін жауып, барлық дипломаттарын кері қайтарып алуы мүмкін.

Мемлекеттік департаменттің жұма күні кешкісін таратылған мәлімдемесінде АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі Сирияда қауіпсіздіктің нашарлап бара жатқанына алаңдаулы деп атап көрсетілген.

Мәлімдемеде АҚШ-тың Сирия үкіметін Америка елшілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға шақырғандығы да айтылады.
АҚШ-тың Сириядағы елшісі Роберт Форд Дамаскіден қауіпсіздігі үшін өткен жылдың қазан айында шақыртып алынған, ал желтоқсан айында ол Сирияға қайтып барды.

Сирияда президент Башар әл-Асадтың отставкаға кетуін талап еткен жаппай шерулер он айдан бері жалғасып жатыр. БҰҰ-ның дерегіне қарағанда, наразылықтар басталғаннан бері елде 5400 адам құрбан болған.
XS
SM
MD
LG