Accessibility links

Латвия орыс тілінің мәртебесін референдумға салмақ


Латвияда 18 ақпанда орыс тіліне мемлекеттегі екінші ресми тіл мәртебесін беру туралы бүкілхалықтық референдум өтпек.

Бұған дейін Латвиядағы екі миллион халықтың үштен бірін құрайтын орыстар азаматтық алатын кезде немесе мемлекеттік мекемеге жұмысқа тұрарда латыш тілінен емтихан тапсыратын ережеге шағым жасап келген болатын.

Өткен жылдың қыркүйегінде өткен парламент сайлауында Ресейге бүйрегі бұратын оппозициялық партия парламентке өтті. Бірақ сарапшылар референдумда орыс тілін екінші ресми тіл етуге қажетті дауыс жиналмайды деп болжайды. Ал Мәскеу референдум қорытындысын күтіп отыр.
XS
SM
MD
LG