Accessibility links

HRW: Сирияда балаларды азаптап жатыр


Human Rights Watch ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.
Human Rights Watch ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.
Human Rights Watch ұйымы Сирия үкіметі күштерінің елде 13 жастағы балаларды азаптап жатқанын мәлімдеді.

Бүгін таратқан баяндамасында ұйым "үкімет күштерінің шеруге шыққан наразыларды басып-жаныштап, балаларды бір адамға арналған абақтыларға қамап азаптайтынын, электр тогына соқтырып, темекі тұқылымен күйдіретінін" айтады.

Ал үкіметке қарсы белсенділер бүгін миллиондаған сириялықтарға үндеу жолдап, Хама қаласында үкімет күштерінің мыңдаған адамды қырып тастағанына 30 жыл толғанын еске алуға шақырды. Президент Башар әл-Асадтың әкесі Хафез әл-Асад 1982 жылы Хама қаласында көтеріліске шыққан 40 мың адамды қырып тастаған.

Сирияда 11 айдан бері үкіметке қарсы өтіп келе жатқан шерулер екі жақты қақтығысқа ұласты. Үкімет күштері мен қарулы көтерілісшілер қазір Дамаск пен оның маңында ұрыс жүргізіп жатыр. Ал халықаралық қауымдастықтың Сириядағы қантөгісті тоқтатудағы әрекеті әзірге нәтижесіз болып отыр.
XS
SM
MD
LG