Accessibility links

Мәскеуде оппозиция «саяси қысты» шығарып салды


Мыңдаған мәскеулік Садовое кольцода оппозицияны қолдауға шықты. Мәскеу, 26 вақпан, 2012 жыл.
Мыңдаған мәскеулік Садовое кольцода оппозицияны қолдауға шықты. Мәскеу, 26 вақпан, 2012 жыл.
Мәскеудегі Революция алаңында «саяси қысты шығарып салу» акциясы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар акция флэш-моб үлгісінде өтетіндіктен, оны өткізуге келісім сұрамаған.

Алаңды полиция күштері кезекпен бақылап тұр. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері метродан Революция алаңына шығатын жолды жауып тастады деген ақпараттар түсті.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, ұсталғандар да бар. Атап айтқанда, Мемлекеттік дума депутаты Илья Пономарев "Твиттерге" «Қолдарында қуыршақ тұлып пен бензин ұстаған үш белсенді ұсталды. Қалғандарына полиция тиіскен жоқ» деп жазған.

Мыңдаған мәскеулік Садовое кольцода үлкен ақ шеңбер құрап, "Әділ сайлау үшін" азаматтық акциясына қатысса, осында Путиннің қолдаушылары да жиын өткізді.
XS
SM
MD
LG