Accessibility links

Қарабах соғысының 20 жылдығы аталып өтті


Жексенбі күні 50 мыңға жуық әзербайжандық Баку көшелерімен шерулетіп өтіп, Таулы-Қарабах аймағы үшін Армения әскерімен болған 20 жыл бұрынғы соғысты еске алды.

Әзербайжан билігі 1992 жылы Армения әскері Қарабахтағы Хожалы ауылына шабуыл жасаған кезде 613 адам қаза болды дейді. Баку бұны «геноцид» деп бағалаған, бірақ Ереван оны жоққа шығарады.

Хабарларға қарағанда, Түркияда да Қарабах соғысының 20 жылдығын еске алған мыңдаған адам шеруге шыққан. Стамбул қаласындағы 20-50 мыңдай адам алдында Түркия ішкі істер министрі Идрис Шахим сөз сөйлеген.

Әзербайжан даулы Қарабах аймағына қатысты келіссөздер қанағаттанарлық нәтиже бермесе, әскер күшін қолданамыз деп талай рет ескерткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG