Accessibility links

"Алға" партиясының үш белсендісі тұтқындалды


Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов полицеймен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов полицеймен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін тіркелмеген "Алға" партиясының үш белсендісі тұтқындалды. Оларды полицейлер Алматы қаласында үнпарақтар таратып жүрген жерлерінен ұстаған. Бұл туралы Азаттық радиосына тұтқындалған белсенділердің бірі Ерлан Қалиев хабарлады.

Қалиевтің айтуынша, олар бүгін "наурыздың 24-інде Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға шақырған" үнпарақтар таратып жүрген. Белсенділер Алмалы ауданының ішкі істер бөліміне барып түсініктеме жазды.
XS
SM
MD
LG