Accessibility links

Ресейлік құқық қорғаушылар Клинтонды сынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. 23 ақпан. 2012 жыл

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. 23 ақпан. 2012 жыл

Ресейдегі адам құқын қорғаушы топтар АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Ресейдегі президент сайлауына қатысты айтқан сөзін сынады.

Осы аптаның басында Хиллари ханым «4 наурыздағы сайлауда Владимир Путин айқын жеңімпаз болды, Вашингтон Путин билігімен бірге жұмыс істеуге дайын» деген. Және де АҚШ мемлекеттік хатшысы сайлауда кездескен заңбұзушылықтарға тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырған.

Жұма күні ресейлік құқық қорғаушылар Клинтонның ол мәлімдемесін айыптап, "бұл әділ сайлау үшін күресіп жүргендерді ренжітті" деді.
XS
SM
MD
LG