Accessibility links

Беларусьте лаңкес деп айыпталған Владислав Ковалев атылды


Өлім жазасына кесілген Владислав Ковалев. Минск, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Өлім жазасына кесілген Владислав Ковалев. Минск, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Беларусьте "2011 жылы сәуір айында Минск метросында жарылысты ұйымдастырды" деп айыпталып, өлімі жазасына кесілген Владислав Ковалев атылды.

Үкімнің орындалғанын оның анасына жазбаша түрде ескерткен. Үкім 16 наурызда іске асты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ковалевтің анасы Любовь Ковалева жуықта ел президенті Александр Лукашенкоға хат жазып, үкімнің орындалуын бір жылға кешеуілдетуді сұраған еді. Любовь Ковалева осы бір жылдың ішінде БҰҰ адам құқы комитеті арызын қарар деп үміттенген.

Александр Лукашенко Владислав Ковалевті де, метродағы жарылыс бойынша өлім жазасына кесілген екінші адам Дмитрий Коноваловты да ақтаудан бас тартты.

2011 жылы Минскідегі «Октябрь» метро станциясындағы жарылыстан 15 адам көз жұмып, екі жүздей адам жараланған.
XS
SM
MD
LG