Accessibility links

Тәліптер АҚШ сарбазынан кек алмақ


Cержант Роберт Бэйлз (сол жақта) ұлттық жаттығу орталығында. АҚШ, Калифорния, 23 тамыз 2011 жыл.
Cержант Роберт Бэйлз (сол жақта) ұлттық жаттығу орталығында. АҚШ, Калифорния, 23 тамыз 2011 жыл.
Ауған тәліптері "АҚШ сотына сенбейтінін", сондықтан "Қандағардағы 17 бейбіт тұрғынды өлтірген америкалық сарбаздан кек алатынын" мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, тәліптер басшысы Забиулла Муджахид ол қайғылы оқиғаны жалғыз адамның ісі емес, ұйымдасқан шара деп біледі.

Америкалық сержант Роберт Бэйлз 11 наурызда мерт болған 17 адамның өліміне орай айыпталмақ. Тергеу дерегіне қарағанда, Бэйлз сол күні әскери базадан өз бетімен шығып кетіп, жергілікті тұрғындарды атқан.

Сержант Канзас штатындағы әскери түрмеде жатыр. Ол айыбын мойындаса, өлім жазасына кесіледі.
XS
SM
MD
LG