Accessibility links

Бегдесіновты Қазақстанға жібермей қойды


Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесінов.

Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесінов.

Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесіновты Ашғабад-Алматы бағытындағы рейстен Қазақстанға жібермей қойды деп хабарлады Азаттық радиосына ұлы Әлібек Бегдесінов.

Алайда Әлібек Бегдесінов Түркіменстанның мемлекеттік көші-қон қызметі бұл жайға қатысты түсінік бермей отыр дейді.

Бисенғұл Бегдесінов бұған дейін Түркіменстанның мемлекеттік туы күніне орай рақымшылыққа ілінген болатын. "Түркімен заңдарына сай, рақымшылыққа ілінгендерге қатысты барлық шартты жаза мерзімі мен елден шықпау туралы шектеулер алынып тасталады. Бірақ түркімен билігі оның Қазақстандағы туыстарына баруына кедергі жасап, қудалауын тоқтатпай отыр" дейді Әлібек Бегдесінов.

Бисенғұл Бегдесіновқа 2011 жылы 2 желтоқсанда Түркіменстаннан шығуға тыйым салынған еді.

Бисенғұл Бегдесінов тарихи отанына көшуді жоспарлаған Түркіменстандағы қазақтарға үйін мемлекетке өткізіп кетуге міндеттейтін жергілікті заңды айналып өтудің жолдарын көрсетіп жүрген болатын. Кейін осыған қатысты түркімен билігі оны қудалай бастаған.
XS
SM
MD
LG