Accessibility links

НАТО-ның штаб пәтерінде 500 белсенді тұтқындалды


Брюссельде (Бельгия) жексенбіде НАТО-ның штаб пәтерінің алдында митинг өткізген 500 тарта белсенді тұтқындалды.

Митингіге қатысушылар НАТО-ның Ауғанстан мен Ливиядағы қимылдарына наразылық танытқан.

Белсенділер Еуропада құрылып жатқан зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне де қарсылық танытқан. Наразылар оны "қаруланудың жаңа кезеңінің басталуына" ықпал етеді деп санайды.

Бірнеше белсенді штаб пәтердің аумағына кірмек болды. Бірақ полиция оларды жібермеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG