Accessibility links

Жаңаөзен сотында полицейлер жауап бере бастады


Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасы бойынша басталған сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.
Сәрсенбіде, Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта жәбір көрді делінген полицейлерден жауап алынып жатыр деп хабарлайды Lada.kz сайты.

Жәбірленуші полицейдің бірі Нұрәлім Баржиков сотта айыпталушылардың кейбірін танитынын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, "кейбір айыпталушылар 16 желтоқсанда полицей шебін бұзған адамдардың қатарында болған".

Судья бұдан бұрын бір айыпталушыны үйқамаққа алуға шешім шығарған болатын.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша Ақтауда өтіп жатқан сот 27 наурызда басталды. Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден астам жәбірленуші қатысып отыр.
XS
SM
MD
LG