Accessibility links

Ауғанстанда "Талибан" екі шабуыл жасады


Ауғанстанның Фарах уәлаятында "Талибан" сарбаздары полиция бекетіне шабуыл жасап, қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкері қаза тапты. Ресми орындар сәрсенбі кешке үкіметтің жергілікті полиция бекетіне шабуыл жасалғанын айтады.

"Талибан" өкілі Қари Юсуф Ахмади шабуылға жауапкершілікті ұйым өз мойнына алатынын мәлімдеді.

Сәрсенбіде Фарьяб уәлаятында да "Талибан" жанкештісі өзін-өзі жарып, 12 адам қаза тапқан. Олардың арасында АҚШ әскерилері мен ауған полицейлері де бар.

Биылғы жылы Ауғанстанда НАТО күштерінің 100-ге тарта жауынгері қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG