Accessibility links

Украина "Матч" фильмін кейін түсіретін болды


Футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионатының логотипі. Көрнекі сурет.
Футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионатының логотипі. Көрнекі сурет.
Украина билігі 2012 жылғы Еуропа чемпионатының қарсаңында Совет Одағы мен нацистік Германияның өзара қарсыласуы туралы "Матч" фильмін шығаруды кейінге ысырды.

Фильм - екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі нақты оқиға туралы. Онда 1942 жылы тамызда немістер басып алған Киевте қалалық футбол командасы мен неміс құрамасының арасында ойналған "өлім матчы" туралы баяндалады. Украин командасы ол ойында Совет билігінің жеңілуді талап еткеніне қарамастан немістерді ұтып кеткен болатын.

Украин билігі украин ойыншыларының қаһармандығын дәріптейтін фильм "Киевтіктерді нацистердің жандайшабы ретінде көрсетеді" деп қауіптенеді. Бұған қоса, фильм Еуропа чемпионатына қатысатын Германия құрамасының ойыншылары мен фанаттарында жаулық көңіл-күй туындатады деген де қауіп бар.

Футболдан 2012 жылғы Еуропа чемпионаты Украина мен Польшада өтеді.
XS
SM
MD
LG