Accessibility links

Өзбекстанда қамалған қазақстандыққа адвокат тағайындалды


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Өзбекстанның шекарасын кесіп өтпекші болған кезде қамауға алынған Ермек Қосмағамбетовке адвокат тағайындалды деп хабарлаған. BNews агенттігінің сыртқы істер министрлігінің өкілі Алтай Абибуллаевқа сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қамаудағы азамат қорғаушысымен кездескен.

Абибуллаев: "Біз дипломатиялық арналар арқылы азаматымыздың қамалу себептерін барынша анықтауға тырысып жатырмыз. Біздің қызметкерлер тергеушілермен де кездесті. Қазақстан азаматы 9 сәуір күні адвокатымен жүздесті" деп мәлімдеген.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 27 жасар Ермек Қосмағамбетовке діни экстремизмді насихаттайтын бейнематериалдарды алып өтпекші болды деген айып тағылған.

Ермек Қосмағамбетовтың қасында болған досы Ақмарал Шәкірованың айтуынша, екеуі 16 наурыз күні Өзбекстандағы тарихи ескерткіштерді көру үшін "Майский"
шекара бекеті арқылы өтіп бара жатқан. Тексеру кезінде ауысым басшысы Қосмамбетовтың нетбугінен 6 діни видеоролик таптым деп мәлімдеген.

Екеуін де сол жерде өзбек құқық қорғау орындары қамауға алып, 3 күннен соң Шәкірова Қазақстанға қайтарылған. 30 наурыз күні Ташкент облыстық соты жабық отырыс өткізіп, Қосмағамбетовты қамауға алу туралы шешім шығарған.

Шәкірованың айтуынша, нетбукті оларға Ермектің немере інісі берген. Діни видеороликтер туралы олар ештеңе білмеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG