Accessibility links

Ресей Арктикадағы шекараны күшейтпек


Федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметінің басшысы Владимир Проничев.
Федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметінің басшысы Владимир Проничев.
Ресей Арктикада 20 шекаралық бақылау бекетін орнататын болды. Бұл туралы "Известия" басылымына берген сұхбатында Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметінің басшысы Владимир Проничев айтты.

Оның сөзіне қарағанда, қазір Ресейдің солтүстігіндегі теңізбен шекаралас аймақтарда шамамен 2.5 мың шақырым аумақ ешқандай радиолокациялық құралдармен бақыланбайды. Ал жаңа құрылатын 20 бекеттің әрқайсысы 300 шақырым аумақты бақылауға алады.

Проничев елдің алыс солтүстік аймақтарындағы шекарасына бекет қоюдың аса қажет емес екенін, бірақ соңғы үш жылда ешқандай дайындықсыз Арктика теңіздеріне сапарлаған шетелдік туристік үш яхтаның қиын жағдайға тап болғанын алға тартты. Ол Арктикаға туристерден өзге, үкіметтен ешқандай рұқсат алмай ғылыми экспедициялар да аттана беретінін айтады.
XS
SM
MD
LG