Accessibility links

Иран Каспий суын шөлейт аудандарға тартпақ


Иран президенті Махмұд Ахмединежад.
Иран президенті Махмұд Ахмединежад.
Иран президенті Махмұд Ахмединежад дүйсенбіде Иранның орталық шөлейт аудандарына Каспий теңізінің суын тартатын жобаның алғашқы бөлігін іске қосты.

Иранның мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, жобаның алғашқы бөлігінде теңіз суын тұщыландыратын зауыт салынып, екі жылда Семнан қаласына ауыз су жеткізетін құбыр тартылады. Жоба құны 1 миллиард АҚШ доллары тұрады.

Зауыт жылына 200 миллион текше мерт су тұщыландырмақ.

Жобаны Иранның әскери революциялық гвардиясының экономика саласындағы қуатты "Хатам әл-Анбия" өнеркәсіптік тобы жүзеге асырады.
XS
SM
MD
LG