Accessibility links

Үкімет маңызды кен орындарының тізімін жаңартты


Каспий теңізіндегі Қашаған мұнай кеніші. Көрнекі сурет.
Каспий теңізіндегі Қашаған мұнай кеніші. Көрнекі сурет.
Қазақстан үкіметі стратегиялық маңызы бар кен орындарының тізімін жаңартты деп хабарлады ресми ақпарат құралдары.

Стратегиялық маңызы бар кен орындарының тізіміне 361 кен орны кірген. Оның ішінде 46 мұнай және газ (Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ және т.б.), 50-ден астам уран кені (Инкай, Солтүстік Қарасан және басқалары), 7 алтын өндіретін (Васильковский, Варваринский және басқалары), 4 көмір шығатын (Шұбаркөл, Екібастұздың Богатырь мен Солтүстік разрездері), алмаз және қорғаныс шығатын кеніштер бар.

Тізімді бекіткен қаулыны премьер-министр 2011 жылдың 4 қарашасында қабылдаған.
XS
SM
MD
LG