Accessibility links

Жаңаөзендік полицейдің соты 25 сәуірде басталады


"Қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген айыппен қамалған азамат, Жаңаөзендегі уақытша қамау изоляторының (УҚИ) бұрынғы басшысы Жеңісбек Теміровтің соты 25 сәуірде басталады деп хабарлады Ақтау қалалық сотының судьясы Галина Айжарықова.

«Теміровке қылмыстық кодекстің 308-бабы 2,4-бөлімдері бойынша (билігін немесе қызмет өкілетін асыра пайдалану) айып тағылды» деді Галина Айжарықова ҚазТАГ тілшісіне.

Жеңісбек Теміров "2011 жылы 16 желтоқсандағы оқиға кезінде Базарбай Кенжебаевты УҚИ-ге заңсыз қаматты, оны дер кезінде ауруханаға жібермей, Кенжебаев содан көз жұмды" деген айыппен биыл 25 қаңтарда жауапқа тартылған.
XS
SM
MD
LG