Accessibility links

Алматыдағы "Қарсылық жиыны" митингісіне Лондоннан саясаткер, "Руханият" партиясының бұрынғы төрағасы Серікжан Мәмбетәлин келді деп хабарлайды оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі.

Жиында сөз сөйлеген Мәмбетәлин "20 жылдан кейін мұнай бітеді, сонда қиын кезең басталады" деп, биліктің "әуелі - экономика, сосын - саясат" деген стратегиясына қарсылығын білдірді.

Мәмбетәлин басқарып келген "Руханият" партиясы 15 қаңтарда өткен парламент сайлауынан шеттетіліп, ол партия төрағасы қызметінен түсіп қалған соң Лондонға кеткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG