Accessibility links

Гаагада Младичтің соты басталады


Сербия әскерінің бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич.

Сербия әскерінің бұрынғы қолбасшысы Ратко Младич.

Гаагадағы халықаралық сотта сәрсенбіде Босния сербтері әскерінің қолбасшысы болған Ратко Младичке қатысты сот басталады. Сот бұған дейін оның қорғаушысының процесті кейінге қалдыру туралы ұсынысын қабылдамай тастаған.

Младичке Балқан соғысы кезінде әскери және адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыптар тағылып отыр. Сот оның 1995 жылы Сребреницада сегіз мыңға жуық босниялық мұсылманды қыруға қатысы бар дейді.

Тағылған айыптардың кейбірі Ратко Младичтен денсаулық жағдайын байланысты сот процесін жеделдету үшін алынып тасталды. Бірақ ол өзіне таққан айыптарды мойындамайды.
XS
SM
MD
LG