Accessibility links

FIFA басшысы Өзбекстанға барды


FIFA басшысы Зепп Блаттер.

FIFA басшысы Зепп Блаттер.

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) басшысы Зепп Блаттер Өзбекстан басшылығымен елдегі футболдың болашағы жайлы сөйлесу үшін Ташкентке келді.

FIFA өткен жылдың желтоқсанында Өзбекстанды әйелдер арасында футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырған болатын. Федерация мұны Өзбекстан "өтінішті дұрыс бермеді" деген уәжге сүйеген.

FIFA осы оқиғадан кейін чемпионат тамыз және қыркүйек айларында Жапонияда өтеді деп жариялаған.

Өзбекстан футбол федерациясының өкілінің айтуынша, Зепп Блаттер сәрсенбіде президент Ислам Каримовпен және футбол саласындағы басшылармен кездеседі, бұдан соң Өзбекстанда футбол ойнала бастағанына 100 жыл толуына арналған шараға қатысады.
XS
SM
MD
LG