Accessibility links

Махачкаладағы арнайы операцияда күдікті өлді


Полиция Махачкаладағы теракті кезінде жарылған көлікті тексеріп жатыр. Дағыстан, 4 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Полиция Махачкаладағы теракті кезінде жарылған көлікті тексеріп жатыр. Дағыстан, 4 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Бүгін Ресейдегі Дағыстан республикасының астанасы Махачкалада өткен арнайы операция кезінде содыр деген күдікке ілінген бір адам өліп, оның сыбайласы қолға түсті деп хабарлады сол елдің терроризмге қарсы ұлттық комитеті.

Мәліметке қарағанда, экстремист деп күдікке ілінген адам тұрғын үйлердің бірінде бекініп жатқан. Үйді полицейлер қоршап, келіссөз жасасқан соң әйелдер мен балалар сыртқа бөгетсіз шыққан.

Атыс кезінде қаза тапқан адам (Буйнак қаласының тұрғыны) Махачкалада 3 мамырда болған терактіге қатысы бар деген күдікке ілінген.
XS
SM
MD
LG