Accessibility links

Украина парламентінде орыс тіліне қатысты жанжал болды


Украина жоғарғы радасының депутаттары төбелесіп жатыр. Киев, 24 мамыр 2012 жыл.

Украина жоғарғы радасының депутаттары төбелесіп жатыр. Киев, 24 мамыр 2012 жыл.

Украина парламенті - Жоғарғы Радада орыс тіліне елдің кейбір аймақтарында "екінші мемлекеттік тіл" мәртебесін беретін заң жобасына қатысты талқылау төбелеске ұласты. Жаңа заң жобасы жекелеген аймақтарда сотта, ауруханалар мен басқа да мекемелерде орыс тілін қолдануға рұқсат береді.

Төбелес оппозициялық депутаттар мен президент Виктор Януковичтің партиясынан сайланған депутаттар арасында болды. Төбелесте оппозициялық партия депутаты Микола Петрук басынан соққы алып, ауруханаға түсті. Петруктың әріптестері оқиғаны тергеуді талап етіп отыр.

Украинада елдің орыс тілді шығыс және оңтүстік аймақтары мен украин тілінде сөйлейтін батыс аймақтарының арасында саяси бөлініс бар. Шығыс және оңтүстік аймақтары Виктор Януковичті қолдайды және Мәскеумен жақын болғанды қалайды, ал батыс аймақтары НАТО-мен және Еуропа Одағымен тығыз байланыс орнатқанды қалайды.
XS
SM
MD
LG