Accessibility links

"Қазақалтын" жұмысшылары басшылыққа хат тапсырды


Алтын құймалар. Көрнекі сурет.
Алтын құймалар. Көрнекі сурет.
Мамырдың 30-ы Ақмола облысына қарасты Бестөбе ауылында "Қазақалтын" тау-кен металлургиялық концернінің" жұмысшыларынан құралған бастамашыл топ пен компания басшылығының арасында жалақыны көтеруге қатысты жиын болды.

Азаттық тілшісі хабарласқан компанияның кәсіподақ төрағасы Веньямин Степанов жиынға компанияның бас директоыр Кирилл Мартынов, Степногор қалалық әкімдігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің өкілдері қатысқанын хабарлады. Оның айтуынша, әр кеніш жұмысшыларының өкілдерінен құралған бастамашыл топ компания басшылығына жалақыны көтеру туралы талап-тілектері жазылған хат тапсырған.

"Компанияның иесі Мәскеуде болғандықтан мұнда тек басшылар ғана келді. Келесі аптада осы құрамда қайта кездесіп, компания жұмысшылардың талаптарына жауап беретін болып келістік" дейді ол. Бірақ кәсіподақ төрағасы сейсенбіде ақпарат құралдарында шыққан компанияның жалақыны 35 пайызға көтеруге уәде бергені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG