Accessibility links

Владимир Путин Ташкентте Ислам Каримовпен кездесті


Владимир Путин мен Ислам Каримовтің кездесуі. Ташкент, 4 маусым 2012 жыл.

Владимир Путин мен Ислам Каримовтің кездесуі. Ташкент, 4 маусым 2012 жыл.

Ташкентке ресми сапармен барған Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен келіссөздер жүргізді.

Кездесуде Путин "Өзбекстан - Ресейдің аймақтағы негізгі әріптесі" екенін мәлімдеді. Екі ел басшылары Өзбекстанның Ресей мен Қазақстан сияқты бұрынғы совет елдерін қамтитын еркін сауда аумағына қосылуы туралы меморандумға және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

Құжатта Өзбекстанның еркін сауда аймағына кіруі 2012 жылдың соңында аяқталатыны айтылған.

Путин Орталық Азия елдеріне сапарын Өзбекстаннан бастады. Ол Ташкенттен аттанған соң Қытайға, ал 7 маусымда Қазақстанға барады.
XS
SM
MD
LG