Accessibility links

Козлов пен Сапарғалидың қамау мерзімі ұзартылды


Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов.
Тіркелмеген «Алға» оппозициялық партиясының жетекшісі Владимир Козлов.
Сейсенбіде Жаңаөзен қалалық соты қамаудағы саясаткер, тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты қамау мерзімін тағы бір айға - 23 шілдеге дейін ұзартты деп хабарлайды оның әйелі Әлия Тұрысбекова Азаттық тілшісіне.

Козловпен бірге қамауда отырған оппозициялық саясаткер Серік Сапарғалидың да қамау мерзімі 23 шілдеге дейін ұзартылған.

Владимир Козловтың қорғаушысы Алексей Плугов Азаттық тілшісіне бұл жайында хабарсыз екенін, қазір оны анықтап жатқанын айтты.

Владимир Козлов пен Серік Сапарғали қаңтар айынан бері Жаңаөзен оқиғасына байланысты "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен тергеліп, қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG