Accessibility links

Арқанкерген оқиғасы тергеуін бақылайтын қоғамдық комитет құрылды


Шекарашы Владислав Челахтың атасы Владимир Челах баспасөз мәслихатында сөйлеп отыр. Алматы. 14 маусым, 2012 жыл.
Шекарашы Владислав Челахтың атасы Владимир Челах баспасөз мәслихатында сөйлеп отыр. Алматы. 14 маусым, 2012 жыл.
Бейсенбіде Алматыда Арқанкерген шекара постындағы оқиғаны тергеу барысына бақылау жасайтын тәуелсіз қоғамдық комитет құрылды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, комитет құрамына театр режиссері Болат Атабаев, "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова, азаматтық белсенді Георгий Архангельский, заңгер Сергей Уткин және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Комитетті құрушылардың баспасөз жиынында мәлімдеуінше, комитет "шекара постында 30 мамырда болған оқиғалардың шынайы түрде тексерілуіне көмектеспек". Жиынға Владислав Челахтың атасы Владимир Челах та қатысты.

30 мамыр күні Алматы облысы Алакөл ауданындағы «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Сарыбөктер заставасына қарасты Арқанкерген постында 14 шекарашы мен бір қорықшы өлі күйінде табылған еді. Бас прокуратура өкілі бірнеше күннен соң табылған тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах әскери қызметтестерін "өзі өлтіргенін мойындады" деп хабарлаған. Челахтың туыстары бұл айыптауға сенбейтіндерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG