Accessibility links

Сирияда бейсенбіде 52 адам қаза тапты


Жарылған көлік. Дамаск, 14 маусым 2012 жыл.
Жарылған көлік. Дамаск, 14 маусым 2012 жыл.
Сирияда бейсенбіде қарулы қақтығыстар мен жарылыстар салдарынан 52 адам қаза тапты деп хабарлайды Лондонда орналасқан сириялық құқық қорғаушылар.

Бұған дейін бейсенбіде Дамаскіде шиит мазары жанында жанкешті мина қойылған көлікті жарып, 14 адам жараланғаны хабарланған еді. Идлиб қаласында да мина толтырылған көлік жарылып, бірнеше әскер қаза тапқан. Бірақ билік мұны әзірге растап, я жоққа шығара қоймады.

Ал оппозиция жақтастарын "президент Башар әл-Асад үкіметіне жаппай наразылық шерулеріне шығуға" шақырып отыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон орынбасары Билл Бернс пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Сирия мәселесі бойынша "конструктивті келіссөздер жүргізіп жатқанын" хабарлады. Клинтон "екі жақтың кейбір мәселеде ұстанымдарының алшақ екенін, бірақ соған қарамастан келіссөздердің жалғасып жатқанын" айтты

Сейсенбіде Клинтон Мәскеуді "Сирия режимін қару-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр" деп айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG