Accessibility links

ХОК заңсыз билет сату ісін тексермек


Лондон олимпиадасына аккредитация алған қырғыз журналисінің құжаттары. Көрнекі сурет
Лондон олимпиадасына аккредитация алған қырғыз журналисінің құжаттары. Көрнекі сурет
16 маусым күні Халықаралық олимпиадалық комитет Лондонда өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға "қара базар" арқылы заңсыз түрде билет сату ісіне қатысты тексеру бастағанын хабарлады.

Бұл тексеруге ұлыбританиялық The Sunday Times газетіне шыққан репортаж түрткі болған. Газет ондаған елдердегі ұлттық олимпиадалық комитеттер бірқатар жарыстарға арзандатылған баға бойынша топтап билет сатпақшы деп жазған еді.

Басылымның аты-жөндерін жасырған тілшілері 54 елдегі комитеттер арқылы билет алуға құзыры бар 27 ресми өкілмен "келісім-шарт" жасап та үлгерген. Билеттің әрқайсысы 10 мың долларға бағаланған.

ХОК бұл мәселеге барынша мән беріп, билет саясатын бұзғандарға қатысты қатаң шаралар қолданатынын мәлімдеді. Украинаның ұлттық олимпиадалық комитетінің бұрынғы ресми өкілі Владимир Герашенко дәл осы мәселеге қатысты жұмысынан кеткен еді.
XS
SM
MD
LG