Accessibility links

Прокурор Орақ Сарбөпеевті 13 жылға соттауды сұрады


Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев.

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев.

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке байланысты Ақтауда өтіп жатқан сотқа қатысып отырған алматылық журналистің хабарлауынша, прокурор Сұлтанов "қаржы жымқырды" деп айыпталған азамат Сарбөпеевті 13 жылға соттауды сұраған.

Прокурор Орақ Сарбөпеевті қатаң режимдегі колонияға жіберуді, дүние-мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет істеуіне шектеу қоюды да өтінген.

"Сот төрағасы судья Лесхан Байғұлов қазір үзіліс жариялады. Сот сағат 15-де қайта жалғасады" дейді журналист.
XS
SM
MD
LG