Accessibility links

Айжангүл Әмірова қамаудан босатылды


"Халық майданы" қозғалысының белсендісі Айжангүл Әмірова.
"Халық майданы" қозғалысының белсендісі Айжангүл Әмірова.
"Халық майданы" қозғалысының белсендісі Айжангүл Әмірова Ақтаудағы абақтыдан босатылды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне оның бауыры Елмұрат Әміровтың әйелі хабарлады.

Туысының айтуынша, Әмірова алдыңғы күні, 20 маусымда босап шыққан. Бұдан ары ештеңе білмейді.

Әмірованы полиция қайтар айында Жаңаөзен оқиғасына байланысты тұтқындап, "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айып таққан еді.
XS
SM
MD
LG