Accessibility links

Түркия НАТО-ның төтенше жиынын өткізуге шақырды


Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу.

Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу.

Түркия Сирияның түрік жойғыш ұшағын атып түсіргеніне байланысты НАТО-ның төтенше жиынын өткізуге шақырды.

Мемлекеттік TRT телеарнасынан сөйлеген сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу "Фантом" ұшағы әдеттегі оқу-жаттығу миссиясын атқарып жүргенде Сирия аумағына кездейсоқ еніп кеткенін айтады.

Давутоглу "ұшақта ешқандай қару болмаған және оның миссиясының Сирияда жүріп жатқан қақтығыстармен еш байланысы жоқ" деп мәлімдеді.

Өткен жұма күні Сирияның әуе қорғаныс күштері ел аумағына заңсыз еніп кетті деп Түркияның жойғыш ұшағын атып түсірген еді.
XS
SM
MD
LG